Аймақтар • 22 Шілде, 2022

Жамбыл облысында 355,8 мың адамға жәрдемақы берілді

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында үкіметтік емес ұйым өкілдерімен, көпбалалы аналармен және зейнеткерлермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында 355,8 мың адамға жәрдемақы берілді

Министр балалы отбасыларды және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты.

Сөзінің басында Тамара Дүйсенова 2021 жылы мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақыларға шамамен 4 триллион теңге бөлінгенін атап өтті. Бұл қаражат 5,6 миллион азаматқа төленді. Министр барлық төлемдердің жыл сайын артатынын айтты.

Биыл 1-ші қаңтардан бастап базалық зейнетақы мен жәрдемақы 5%-ға, ынтымақты зейнетақы 7%-ға индекстелді. Ал 1-ші сәуірден бастап иннфляция дәлізін қайта қарауға байланысты барлық зейнетақы мен жәрдемақы тағы 4%-ға көбейді. Жамбыл облысында 355,8 мың адам зейнетақы мен жәрдемақы алады.

«Мемлекет балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөледі. Әлеуметтік қолдау бюджеттен төленетін жәрдемақылардың 5 түрін және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің 2 түрін қамтиды. Жамбыл облысы бойынша 126 мыңнан астам балалы отбасы жәрдемақы мен төлем түрлерін алды. Төлемдердің жалпы сомасы 30,7 миллиард теңгені құрады», деді министр.

Бұдан бөлек кездесуде қазақстандықтарды лайықты зейнетақымен қамту, мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсарту мәселелері, Әлеуметтік қызметтер порталын жетілдіру, әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекстегі қазақстандықтарды қолдау шаралары талқыланды. Кездесуге қатысушылар өздерінің сұрақтарына жауап алып, ұсыныстарын білдірді.