Экономика • 20 Шілде, 2022

20 шілдеге арналған валюта бағамы

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 479- 484 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

20 шілдеге арналған валюта бағамы

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 478 – 482 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 479 – 485,50 теңге аралығында құбылып тұр.

19 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,27 теңгеге арзандап, 480,35 теңге болған. Ұлттық банктің 20 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 480,36 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,55 – 8,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.