Аймақтар • 07 Шілде, 2022

Қарағандыда құрбан шалатын орындар анықталды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Құрбан айт мерекесі 9 шілдеде басталады. Қарағандыда құрбандыққа мал шалуға болатын үш пункт анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда құрбан шалатын орындар анықталды

Арнайы мал сою пункттері Резник, 18 («Абишева А. О.» ЖК), Гоголь, 2/23 («АРАЙ KZ» ЖШС) және С. Сейфуллин, 53 («Хасенов» ШҚ) мекенжайларында жабдықталған. Олар ветеринарлық қызметтің ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және тамақтан уланудың, токсикоинфекциялардың, жіті ішек инфекцияларының пайда болуына жол бермеу үшін Құрбан айт мерекесі кезінде облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шығарылды.

Өңірде құрбандық шалу пункттерінде санитарлық нормалардың, ет тасымалдау және сақтау жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар талаптарының сақталуына бақылау күшейтілетін болады.

Еттің сапасын, қауіпсіздігін растайтын құжаттардың, сондай-ақ тамақ өнімдерімен байланысы бар, медициналық тексеруден өткен және жұмысқа рұқсаты бар қызметкерлердің, қызмет көрсетуші персоналдың және басқа да адамдардың жеке медициналық кітапшаларының болуы тексеріледі.

Қаулы осы жылдың 8 шілдесінен бастап күшіне енеді.