Экономика • 30 Мамыр, 2022

Әлемде қант бағасы қымбаттауы мүмкін

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған Үндістанның экспортты шектеуі себеп. Ал үнді үкіметі ішкі нарықтағы қымбатшылықтың алдын алу үшін осындай қадамға барған, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Әлемде қант бағасы қымбаттауы мүмкін

Жаһандағы ең ірі экспорттаушылардың бірі 6 жылдан бері алғаш рет сыртқы сатылымды кідіртіп отыр. Яғни қыркүйекке дейін мемлекет бар-жоғы 8 млн тоннасын сатуы тиіс еді. Алайда жасалған келісімдер қазірдің өзінде 7 миллионнан асқан. Демек алдағы үш айда экспорт тоқтайды. Бұған дейін де әлемдегі қант құны соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жеткенін айттық. Ол кезде Бразилияның өндірісті азайтуы әсер еткені белгілі. 23 мамырдан бастап, Қазақстан аумағынан да 6 ай мерзімге қант пен шикі қантты алып шығуға тыйым салынды. Ал ауыл шаруашылығы министрлігі қант импортын 32 процентке төмендететінін мәлімдеді.

Аяна Тоғанбек