Аймақтар • 18 Мамыр, 2022

«Алматы жастары» өтініштер қабылдайды

522 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Алматы жастары» жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасына өтініштер қабылдау 18 мамырдан басталады. Алматы қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров пен «Отбасы банкі» АҚ Алматы қаласы бо­йынша филиалының директоры Данагүл Түсіпова өңірлік коммуникациялар қызметінде бағдарламаға қатысу шарттарымен таныстырды.

«Алматы жастары» өтініштер қабылдайды

Алматы қаласында 35 жасқа дейінгі жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында биыл­ғы 18 мамыр мен 1 маусым аралығында www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы же­ңіл­діктер беруге өтініштер мен «Алматы жастары» бағдар­ла­масы бойынша тұрғын үй не­сие­леріне қатысты құжаттар қа­был­данады. Ермек Әміровтің айтуынша, сайтта өтініштер мен құжаттарды қабылдау электронды цифрлы қолтаңба арқылы жүзеге асады. Автоматты балл қою үшін электронды калькулятор енгізілген. Жеке кабинет арқылы өтініштің барысымен танысуға болады. Құжаттарды қабылдау 1 маусымда сағат 23:59-да аяқталып, 20 жұмыс күні ішінде бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Одан кейін әрбір санат бойынша жиналған ең жоғары ұпай санына сәйкес тізім жасалады.

Бағдарламаның бюджетіне 18 млрд теңге қарастырылып отыр. Ал несиенің ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін. Сыйақы мөлшерлемесі – 5, бастапқы жарнасы – 10 пайыз. Қатысушының жаңа салынған немесе қолданыстағы тұрғын үй нарығынан 45 күнтізбелік күн ішінде үй таңдау мүмкіндігі бар. Бағдарламаға қамтылатындар саны 1 мыңға жуық.

Негізгі талаптарға сәйкес, Д.Түсіпованың айтуынша, өті­ніш берушінің және отбасы мүше­лерінің меншік құқығында соңғы бес жыл ішінде тұрғын үйі болмауы шарт. Сонымен бірге қатысушының қаланың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, журналистер, әлеу­­меттік сала және құқық қор­ғау органдарындағы ресми жұ­мыс өтілі соңғы алты айдан кем болмауға тиіс. Қалада кемiнде бiр жыл мерзiмге тiркелген жеке кәсiпкерлер де өтініш бере алады. Бұл талап мәдениет саласының өзiн-өзi жұмыспен қамтыған қа­ты­сушыларына қолжетімді.

Жолдама алған өтініш беру­шілердің төлем қабілетін анықтау үшін 15 жұмыс күні ішінде «Отбасы банкі» АҚ кез келген қызмет көрсету орталығына ха­бар­ласады. Былтыр аталған бағ­дарламаға 9 741 өтініш түсіп,
1 019 жас отбасы баспаналы болу бақытына ие болды.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025