Аймақтар • 11 Мамыр, 2022

ШҚО-да дала оты өршіп тұр

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында дала өрті өршіп тұр. Күн сайын құтқарушылар 20-30 өртті сөндіруге аттанады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да дала оты өршіп тұр

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар дала өртімен дамылсыз күресуде. 10 мамырда Алтай ауданы Ермаковка ауылында шөп пен бұталар жанған. Отты ауыздықтауға жеке құрамнан 54 адам, 8 техника, жергілікті атқарушы органнан 8 қызметкер, 2 техника, орманшылардан 20 адам мен 4 техника жұмылдырылды.

Бұдан бөлек, «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы тартылып, әуеден 33 тонна су төгілді. 70 гектар аумаққа жайылған өрт сағат 20.50-де оқшауланды.

Алдын ала мәлімет бойынша жалынның шығуына отты пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтамау себеп болған.

Көп жағдайда өрт ашық аумақта, саяжайларда және тұрғын үй секторында тіркеледі.

Аяна Тоғанбек