Кеше Сенат Төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті, Трансазиялық парламенттік форумы Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегация осы форумдағы делегация басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Қ.Тоқаев Ауғанстан Ислам Республикасы парламенті Волуси Джирга (төменгі палата) төрағасының бірінші орынбасары Мирвайс Ясини және АИР Мешрано Джирга (жоғарғы палата) төрағасының орынбасары Азизулла Улфатимен кездесті.
Ауғандық әріптестерімен кездесу барысында Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі аясында өткізіліп отырған Трансазиялық форумға ауған делегациясының қатысуы шараның ерекшелігін арттыра түсіп, бұл ұйымның қызмет аясы мен тұрпатын кеңейтеді және әлем қоғамдастығы парламентшілерінің зор ықыласын туғызады деп атап өтті.
– Қазақстан Парламентінің Сенаты Ауғанстан парламентімен көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге мүдделі, екі ел парламентшілерінің арасындағы үнқатысудың келешегі зор, – деді Қ.Тоқаев. Ол сондай-ақ, Ауғанстан мәселелері талқыға салынатын ЕҚЫҰ саммитін өткізуді Қазақстан ұсынып отырғанын еске салды.
Ауғанстан Ислам Республикасы Волуси Джирга төрағасының бірінші орынбасары Мирвайс Ясини қазіргі заманның өзекті мәселелері сөз болатын форумға ауған парламентшілері шақырылғаны үшін шынайы алғысын білдірді. Ол сондай-ақ Ауғанстанға көрсетіліп жатқан көмекке орай Қазақстан басшылығы мен оның халқына ризашылығын жеткізді.
Кездесудегі әңгіме барысында ауған жағы ислам елдерін Ауғанстанды қалпына келтіруге белсенді атсалысуға шақырды.
* * *
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкстан Сенаты төрағасының орынбасары Мир Джан Мұхаммад Хан Джамалимен кездесті.
Қазақстан Сенатының басшысы пәкстандық әріптесін Қазақстан Парламенті жоғарғы палатасының құрылымы мен қызметі туралы хабардар етті. Ол алдағы жылы Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуі аймақтағы көптеген өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретінін айтты.
Әңгіме барысында пәкстандық парламентшілер Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға белсенді және табысты төрағалық етіп келе жатқанын, Трансазиялық парламенттік форумның күн тәртібіндегі мәселелердің көкейкестілігін және шараның ұйымдастырылуы жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Қазақстан-Пәкстан парламентаралық байланыстарын одан әрі дамыту және оны нығайту мақсатында Пәкстан Сенаты төрағасының орынбасары қазақстандық әріптестерін Пәкстан парламентіне ресми сапармен келуге шақырды.
* * *
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы делегациясының форумдағы басшысы Александр Торшинмен кездесуде Ресейдің Федералды Жиналысы Федерация Кеңесімен парламентаралық байланыстарды кеңейту туралы сөз болды.
Әңгімелесушілер Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы қарқынды қызметі, халықаралық парламенттік ұйым аясындағы қазақстандық және ресейлік парламентшілердің өзара табысты іс-қимылы мен бірлескен істерінің одан әрі үйлесімді болуының маңызын атап өтті.

Сәтбаевта қалың қар жауды: Жол тазалауға қанша техника жұмылдырылды?
Аймақтар • Бүгін, 16:54
«Air Astana» Алматыдан Бакуге рейстер санын арттырады
Қоғам • Бүгін, 16:45
Қазақстан мен Беларусь медицина қызметкерлерін бірлесіп оқытады
Медицина • Бүгін, 16:32
MNU профессорлары жаңа Конституция жобасын қолдады
Қоғам • Бүгін, 16:28
Алматыда бұрынғы жұбайының ізіне түскен сталкерге үкім шықты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:22
Парламентаризм институты жаңа Конституция жобасын қолдады
Қоғам • Бүгін, 16:10
ЕҰУ академиялық қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 16:04
Сарапшылар: Жаңа Конституция жобасы мемлекеттік жүйенің орнықтылығын арттырады
Ата заң • Бүгін, 15:55
Жамбыл облысында автобус пен көлік соқтығысып, жолаушы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:48
Kaspi Gold карталарынан ақша неге жоғалып жатыр?
Оқиға • Бүгін, 15:32
Қостанайдағы ішімдіктен бас тартқан ауылда 3 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген
Қоғам • Бүгін, 15:23
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 15:00
13 ақпанға дейін жол жабық: Қай өңірлерде қозғалысқа шектеу қойылды?
Ауа райы • Бүгін, 14:53
Түркістан облысында танысына оқ атқан күдікті ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:32
Замира Кузиева: Ата заң азаматтар үшін тұрақтылықты қамтамасыз етеді
Қоғам • Бүгін, 14:13