Қоғам • Бүгін, 16:45

«Air Astana» Алматыдан Бакуге рейстер санын арттырады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылғы 15 наурыздан бастап Алматы – Баку – Алматы бағытындағы әуе рейстері аптасына екі рет (бейсенбі және жексенбі күндері) орындалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Air Astana» Алматыдан Бакуге рейстер санын арттырады

Фото: ашық дереккөз

Сәуір айынан бастап рейстер жиілігі аптасына үш ретке дейін көбейеді. Ал мамыр айынан бастап ұшулар аптасына төрт рет – дүйсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері жүзеге асырылады.

Қазақстаннан Вена, Рим және Нью-Йоркке әуе рейстері ашылады

Атырау – Баку бағыты бойынша рейстер 18 наурыздан бастап дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі күндері орындалады. Сәуір айынан бастап ұшу кестесі өзгеріп, рейстер сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндеріне жоспарланған.

Астана – Гуанчжоу бағытында жаңа рейс ашылады

Соңғы жаңалықтар