Фото: gov.kz
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері саудаланады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдерді және өзге де тауарларды тиімді бағада сатып ала алады.
Іс-шара 14-15 ақпан күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін «Keryen Joly» сауда орталығында (Алаш тас жолы, 35Б) өтеді.
Келушілерге қолайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орынға № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус бағыттары қатынайды.
Айта кетейік, Астанада жәрмеңке тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Алматы билігі делдалдардан құтылу үшін коммуналдық жәрмеңкелер өткізбек