Қоғам • 08 Сәуір, 2022

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге көмек көрсетуде

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің бірқатар өңірлерін су басу қаупі әлі де сейілмей тұр. Осыған орай Мәжіліс депутаттары аймақтарға іссапарға шығып, су апатынан зардап шеккен тұрғындармен кездесу үстінде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге көмек көрсетуде

Депутаттар мемлекет тарапынан көмек көрсетілетінін айтып, мәселелерді өздерінің жіті бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Мәжіліс депутаттары Құлшар Мәлік пен Снежанна Имашева Батыс Қазақстан облысына барып, су тасқынынан зардап шеккен аудан тұрғындарымен кездесті. 

Мәлік Құлшар Қаратөбе ауданындағы Шалғын ауылында балалардың оқуы ұйымдастырылған ауылдық клубта мұғалімдермен тілдесіп, мән-жайды талқылады. 

«Негізгі мектептің ғимаратына су кіріп, бөлмелердің ортасы құлаған. Қазір оқушылар уақытша ауылдық клубта білім алып жатыр. Ауылдағы 45 үйдің 29-на су кірген, 23-і тұруға келмейді. Ауыл тұрғындары су кірмеген үйлерге 3-4 жанұядан бөлініп орналасқан. Құлағалы тұрған үйлерді сараптау жөніндегі комиссия жұмыс істеп жатыр. Ауыл халқы ешқайда көшпей, жаңа мектеп те, үйлер де осы ауылға салынса деген өтініштерін жеткізді», деді депутат.