
«Жартылай ауыр салмақ дәрежесінде өтетін жекпе-жектің «Канело» үшін маңызы зор. Дмитрий Биволдың өте тәжірибелі, шеберлігі толысқан боксшы екеніне ешқандай күмәнім жоқ. Алайда «Канело» қазір өзінің нағыз спорттық бабына келді. Ол өзін жеңілмейтін боксшы санайды. Өте еңбекқор жігіт. Бұл шайқас тартысты өтеді. «Канелоның» жеңіске жететініне сенемін. Өйткені ол теңдессіз боксшы», деді ол өз ойымен бөлісіп.