
Жартылай финалда Андрей Голубев пен Александр Зверев жұбы америкалық Джон Изнер мен Джек Сокқа қарсы кортқа шықты. Екі сетке созылған кездесуде америкалықтар 6:3, 6:2 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды. Бір сағат бір минутқа созылған ойында Андрей Голубев пен Александр Зверев жұбы көңіл көншітерліктей ойын өрнегін көрсете алмады.