
«Ол кезде балаларымыз қалың ұйқыда жатқан еді. Ұрылар үйге кіріп, айналдырған бес минуттың ішінде құнды заттарды тонап кеткен. Тіпті отбасымыз үшін бағасыз, олар үшін құнсыз дүниені де қалдырмағаны өкінішті. Бұл жағдай испаниялық «Атлетико» футбол клубына қарсы өтіп жатқан ойынның соңғы минуттарында болған. Келіншегім екеуміз сол сәтте үйге қатты асықтық. Біз үшін әке ретінде балалардың қауіпсіздігі маңызды. Сол үшін де қандайда бір ақпарат берген адамға ойдағыдай сыйақы ұсынамын», деді футболшы өзінің твиттердегі жазбасында.