Кәсіпқой бокс • 22 Ақпан, 2022

Диллиан оны бір соққымен орнына қояды – бапкер

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақ дәрежесіндегі әлемнің уақытша чемпионы Диллиан Уайттың бапкері Хавьер Миллер шәкірті алдағы шайқаста әлем чемпионы Тайсон Фьюриді бір соққымен жеңіп кетуі мүмкін екенін еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz Vringe.com-ға сілтеме жасап.

Диллиан оны бір соққымен орнына қояды – бапкер

«Менің түйсігімде Диллиан Тайсон Фьюри үшін шешілмейтін жұмбақ секілді боксшы. Фьюри Кличконы ол тағынан тайған кезде жеңгенін бәрі біледі. Иә, аталмыш шайқас керемет деңгейде өтті. Алайда оны ешкім қайталап көргісі келмейтіні рас. Қазір Тайсон боксшы ретінде әбден пісті, жетілді, қалыптасты. Мен Фьюриді мықты боксшы ретінде сыйлаймын. Алайда Диллиан оны бір соққымен орнына қоя алады. Дерек Чисора жеңіліп жүрсе де, оны ешкім құлата алмаған еді. Бірақ Диллиан Чисораны бір соққымен нокаутқа жібергенін бәрі біледі. Сондықтан Уайттан бәрін күтуге болады», деді ол өз ойын түйіндеп.

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025