Ауа райы • Бүгін, 13:40

Демалыс күндері елімізде 28 градусқа дейін күн жылынады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Скандинавиялық антициклонның сілемі еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде жауын-шашынсыз, біршама салқын ауа райын сақтап тұр. Дегенмен атмосфералық ауа массаларының ауысуына байланысты алдағы күндері температураның біртіндеп көтерілуі күтіледі, деп жазады Egemen.kz.

Демалыс күндері елімізде 28 градусқа дейін күн жылынады

Фото: kazhydromet.kz

Солтүстікте салқын сақталады, оңтүстік пен батыста жауын-шашын күтіледі әрі ауа райы тұрақсыз болады. Мұнда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіліп, кей жерлерде жел күшеюі мүмкін.

Жаңбыр, дауыл, тұман: Елімізде ауа райы күрт құбылады

Республика аумағы бойынша түнгі және таңғы мезгілдерде тұман түсу ықтималдығы жоғары.

Күндізгі температуралық фон аймақтар бойынша әртүрлі болады: батыста, солтүстікте және орталықта ауа температурасы 15-23 градусқа дейін көтеріледі, шығыста 10-18 градус жылы, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 17-28 градусқа дейін жылынады.

Алматыдағы нөсер жаңбыр: Коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті

Соңғы жаңалықтар