
Деректерге сенсек, елордалық команданың басшылары футболшыны жалға алу ниетімен польшалық команданың жетекшілеріне ұсыныс жасаған. Алайда Ривалдоның ұлы мұндай ұсыныстан бас тартқан. Ол өзінің менеджерлеріне АҚШ немесе тек қана бразилиялық командалардың сапында ойнағысы келетінін хабарлап, басқа ұсыныстарды қараудан бас тартатынын жеткізген.