
«Біздің тараптан оларға ұсыныс жасалды. Енді «Канелоның» командасынан жауап күтіп отырған жайымыз бар. Басқа біздің қолымыздан не келеді? Өзім мұндай масштабтағы шайқасқа тас түйін дайынмын. Олардың жоспары өте көп екені мәлім. Қай бағытты таңдау ыңғайлы екенін жан-жақты қарастырып жатқан шығар. Ал мен қандай жауап болатынын бақылап жүрмін. Сауль Альвареспен кездесу өтпесе, басқа нұсқаларды зерделейміз», дейді ресейлік былғары қолғап шебері.