
«Бұл екі боксшы шаршы алаңда кездессе, Батыр Жүкембаев қарсыласынан айласын асырады деп ойлаймын. Бұрын Эргашев мықты деген пікірде едім. Алайда біраз уақыт өтсе де Эргашев әлі күнге рингке шыққан жоқ. Ал Батыр Жүкембаев болса шеберлігі толысқан мықты жігіттермен кездесті. Сондықтан оны фаворит санауға болады» дейді арна авторы.