Жекпе-жек • 05 Қаңтар, 2022

Дастин Порьенің қарсыласы анықталды

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы уақытша чемпионы Дастин Порьенің кезекті қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дастин Порьенің қарсыласы анықталды

Деректерге сенсек, Дастин Нейт Диазға қарсы октагонға шықпақ. Жекпе-жек жақын арада өтеді деп күтілуде. Алайда екі мықты арасындағы шайқастың нақты датасы әзірге белгісіз.

«Мен қазір Диаз екеуміз сегіз бұрышқа қашан шығатынымызды нақты айта алмаймын. Ол октагонда кім мықтыны анықтау туралы ұсынысын жеткізді. Мен келісімімді бердім. Енді нақты оның жауабын күту және шайқастың датасын белгілеу мәселесі ғана қалды», дейді Дастин Порье.

Дастин Порье соңғы жекпе-жегінде жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Чарльз Оливейрамен кездесіп, қарсыласына мезгілінен бұрын есе жіберсе, Нейт Диаз ұлыбританиялық Леон Эдвардстан жеңілген болатын.