
Тест қорытындысы бойынша қорғаушы Лукас Эрнандес пен Танг Ньянзу Куассидің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Екі футболшы да оқшауланды. Бұған дейін Мануэль Нойер, Кингсли Коман, Корентен Толиссо, Омар Ричардс секілді футболшылар және бас бапкердің көмекшісі Дино Топпмеллердің дертке шалдыққаны анықталған еді.