Президент • 31 Желтоқсан, 2021

Мемлекет басшысы әлем чемпионы атанған Бибісара Асаубаеваны құттықтады

8158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы твиттер арқылы шахматтың блиц түрінен өткен әлем чемпионатында топ жарған Бибісара Асаубаеваны құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы әлем чемпионы атанған Бибісара Асаубаеваны құттықтады

«Бибісара Асаубаеваны блиц бойынша өткен әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын. Бұл керемет жетістік барша қазақстандық үшін, әсіресе шахмат әуесқойлары үшін Жаңа жыл қарсаңындағы жағымды жаңалық болды. Бибісараның табыстан табысқа жете беруіне тілектестік білдіремін!», деп жазды Президент твиттерде.