Футбол • 29 Желтоқсан, 2021

Футбол тарихындағы ең үздік сұрмерген

618 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында футболшылардың 2021 жылғы маусымы қорытындыланып, дәстүрлі Globe Soccer Awards сый­лығын тапсыру рәсімі өтті.

Футбол тарихындағы ең үздік сұрмерген

Салтанатты шарада түрлі аталымдар бо­йын­ша тағайындалған сыйлықтардың иегерлері мыналар: «Ең үздік ұлттық команда» – Италия құрамасы, «Ең үздік клуб» – Лондонның «Челсиі», «Жылдың ең үздік қорғаушысы» – Леонардо Бонуччи («Ювентус», Турин), «Жылдың ең үздік ойыншысы» – Килиан Мбаппе (ПСЖ, Париж), «Жылдың ең үздік сұрмергені» – Роберт Левандовский («Бавария», Мюнхен) және «Жылдың ең үздік бапкері» – Роберто Манчини (Италия құрамасы).

Ал осы әлемге әйгілі тұлғалар арасынан ең үлкен марапатқа Криштиану Роналду ие болды. Португалия ұлттық құрамасы мен Англияның «Манчестер Юнайтед» клубының жұлдызы «Футбол тарихындағы ең үздік сұрмерген» деген арнайы атаққа ие болды.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10