 
                                        Бұл жаңалықты FIDE халықаралық шахмат федерациясы Twitter-де таратты.
Жүлде қоры 1 млн долларды құрайтын жарыс 25-30 желтоқсан аралығында Қазақстанда өтуі тиіс еді.
«Қазақстан үкіметі коронавирусқа байланысты жақында енгізген жаңа шектеулері әлем біріншілігін өткізбеуге себеп болды. Олар көптеген әлеуетті қатысушылар үшін міндетті 7 күндік карантин енгізеді, бұл олардың қатысуын мүмкін емес етеді», деп жазады FIDE.
Сондай-ақ, FIDE бұл турнирдің балама нұсқаларын ұсынатынын хабарлады.
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                