
«Турасын айтсақ, Геннадий Головкин өз-өзіне бастық адам. Сондықтан да жапониялық Риота Муратамен шаршы алаңда кездесу туралы шешім қабылдады. Әрине, мен оны түсінемін. Муратамен жекпе-жек мүмкін болмаған жағдайда мен Генаның Деметриус Андрадемен кездескенін қалар едім. Алайда АҚШ-та танымал боксшы болған соң соңғы шешімді Генаның өзі қабылдайды. Мен оның: «Ақыры Муратамен жекпе-жек кейінге шегерілді. Мен енді Андрадемен шайқасқа шығамын» деген мәлімдемесін естігім келеді», дейді Эдди.