
Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Екі спортшы тік тұрып төбелескенді мақұл көрді. Раунд басында қазақ оғланы белсенді көрінгенімен, соңына қарай қарсыласының жойқын соққысын өткізіп алды. Жалғас есеңгірегенін байқатпауға тырысып орнынан тұрғанымен, қарсыласы оны бұрышқа тықсырып, сериялық соққыларын жұмсай бастады. Осы сәтте төреші кездесуді тоқтатты. Осылайша Жалғас Жұмағұлов UFC аясында өткізген төрт кездесуінің үшіншісінде жеңілістің ащы дәмін татуға мәжбүр болды.