Аймақтар • 18 Қараша, 2021

ШҚО-да қатты желден бірнеше ғимараттың шатыры ұшып кетті

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Аягөз қаласы мен Ұлан ауданы Бестерек ауылында қатты желдің екпіні салдарынан ғимараттардың шатыры құлады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО-да қатты желден бірнеше ғимараттың шатыры ұшып кетті

18 қарашада облыста дауылды ескерту жарияланған.

«Желдің екпіні кезінде билбордтардың, автобус аялдамаларының, ағаштардың, электр желілерінің, металл қоршаулардың артына тығылмаңыз. Автокөліктерді ағаштардың астына қалдырмаңыздар. Төтенше жағдайлар туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз», деп ескертеді ТЖД.

А