Коронавирус • 11 Қараша, 2021

Ертеңнен бастап балаларға вакцина салынады

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңадан жеткізілген Pfizer вакцинасы балаларға, жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға ғана салынады. Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертеңнен бастап балаларға вакцина салынады

Оның айтуынша, ДДСҰ мақұлдаған Pfizer вакцинасы елге жеткізіліп, оны емханалар арасында бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осылайша, ертеңнен бастап балаларға Pfizer вакцинасы салына бастайды.

«Аталған вакцина үш категорияға бөлінген. Ол 12-18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге (16-30 апта) және бала емізетін аналарға ғана салынады. Әзірге, халықтың басқа тобына бұл вакцина егілмейді», дейді Әсел Қалықова.

Департамент басшысының орынбасары Pfizer вакцинасының бір құтысы алты адамға арналғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар

Бірліктің жоғары көрсеткіші

Референдум • Бүгін, 08:50

Халықаралық байқаушылардың бағасы

Референдум • Бүгін, 08:30

Ақпаратты жедел таратты

Референдум • Бүгін, 08:20

Айман мен Шолпанның тілегі

Референдум • Бүгін, 08:10

Қос ғасыр куәгері де қалыс қалмады

Референдум • Бүгін, 08:00