Аймақтар • 03 Қараша, 2021

Шымкент кәсіпорнының директоры сұйытылған газ контрабандасы үшін сотталды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері сұйытылған газ контрабандасы фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент кәсіпорнының директоры сұйытылған газ контрабандасы үшін сотталды

«Тергеу 2020-2021 жылдар кезеңінде Шымкент кәсіпорындарының бірінің директоры Г. Черкасова белгіленбеген тұлғалардан сұйытылған газды олардың шығу тегінің заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алғанын анықтады. Кейіннен ол салмағы 966 тоннадан асатын сұйытылған газды Өзбекстан мен Тәжікстанға 146 миллион теңгеден астам сомаға заңсыз экспорттады», деп хабарлады ҚР ҚҚА баспасөз қызметі.

ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы әкету кезінде ол жалған шарттар мен тауардың шығу тегі туралы құжаттарды пайдаланды.

Тергеу барысында құжаттардың қолдан жасалғаны және өзара есеп айырысудың болмағандығы фактілерін аталған компаниялар растады.

Сот Черкасоваға 4,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салды.