Жекпе-жек • 31 Қазан, 2021

Дана Уайт: Ян мен Стерлинг кездесуі керек

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC жетекшісі Дана Уайт ресейлік аралас жекпе-жек шебері Петр Ян жеңіл салмақтағы әлем чемпионы, америкалық Алджамейн Стерлингпен сегізбұрышта кездесетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дана Уайт: Ян мен Стерлинг кездесуі керек

Абу-Дабиде өткен шайқаста Петр Ян Кори Сэндхагенді ұпай санымен жеңіп, уақытша чемпионға берілетін белбеуді иеленді.

Кездесу аяқталғаннан кейінгі баспасөз мәслихатында сөз алған Дана Уайт: «Бұл бір керемет кездесу болды. Петр Янды тоқтату мүмкін емес. Ол тек алға жүреді. Шын мәнінде чемпион. Алджамейн Стерлинг онымен кездесуі керек», деді өз ойымен бөлісіп.