Спорт • 12 Қазан, 2021

«Буревестник» турнир кестесінде көш бастап тұр

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландтың Накхон­пат­хом қаласында волейболдан ерлер ара­сындағы Азияның клубтық чемпио­наты өтуде. “Буревестник” клубы Азия турнирінде алғашқы ойыннан кейін көшбасшы болып отыр. Әрі қарайғы матчтарда жеңіске ұмтылуда. 

«Буревестник» турнир кестесінде көш бастап тұр

Аталған жарыста Қазақстанның атынан Алматының «Буревестнигі» бақ сынауда. Алғашқы ойында отандастарымыз Ирактың «Соуз Газ Клубынан» 2:3 есебімен ұтылып қал­ған еді. Есесіне келесі екі кездесуде же­ңіске жетіп, өз жанкүйерлерін қуантты. Атап айтсақ, екінші турда жергілікті «Нахон Радчасиманы» ойсырата ұтты – 3:0. Кеше Шри-Ланканың «СЕБ» клубын сан соқтырды – 3:0. Қазіргі кезде алматылық волейболшылар жарыс кестесінде көш бастап тұр. Топтық турнирдегі соңғы бәсекесін «Буревестник» 12 қазан күні Кувейттің «Камзасымен» өткізеді.

Келесі топта Иранның «Сиржан Фоулад», Катардың «Әл-Араби Спортс Клуб», Филип­пиннің «Ребиско», Өзбекстанның «АГМК» және Таиландтың «Даймонд Фуд» клубтары күш сынасуда.