
ROX Motor компаниясының Silkroad Tour жобасының басты мақсаты – қалаларды, мәдениеттерді және адамдарды ROX көліктері арқылы байланыстырып, әлем халықтарының материалдық емес мәдени мұрасын насихаттау. Экспедиция өткен әр елде команда жоғары технологиялар мен жергілікті дәстүрлерді ұштастырған іс-шаралар өткізеді. Еліміз – Қытайдан тыс жердегі алғашқы аялдама болды.
Орталық Азиядан Африкаға дейінгі жол
Silkroad Tour бағыты Орталық Азиядан Шығыс Африкаға дейінгі 16 елді қамтиды. Маршрут Кавказ, Месопотамия, Солтүстік және Шығыс Африка, Таяу Шығыс сияқты негізгі аймақтар арқылы өтеді.
Қазақстандағы сапар кезінде команда жол талғамайтын экспедициялар, мәдени кештер, автосалондарға бару және жергілікті тұрғындармен кездесулер ұйымдастырды. Елге келген алғашқы күннен бастап ROX 01 экспедициясы табиғат пен мәдениетті зерттеуге кірісті.
Әйгілі Шарын шатқалында көліктің толық жетек жүйесі мен 360° шолу камерасы күрделі бедер мен тар соқпақтардан еш қиындықсыз өтуге мүмкіндік берді.
Дәстүр мен технология тоғысқан кеш
«Бір белдеу – бір жол» рухымен шабыттанған ROX Motor Алматыдағы Auyl мейрамханасында қазақ дәстүрлеріне арналған мәдени кеш өткізді. Шарада көшпелі өркениеттің ғасырлар бойғы өмір салты мен заманауи технологияның үндестігі паш етілді. Бұл – Қытай мен Қазақстан халықтарының рухани байланысын нығайтқан ерекше мәдени сәт болды.
«25 мың шақырымдық сапар – бұл жай ғана көлікті сынау емес, қытайлық брендтердің әлемге ашықтығының айқын көрінісі. ROX жаңа дәуірдің Жібек жолындағы елшісі болуға ұмтылады», деді ROX Motor компаниясының негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Ян Фэн.
ROX 01 – стиль, сенімділік және жаңа энергия
ROX Motor – жаңа энергия көздеріне негізделген автокөліктерді шығаратын халықаралық компания. ROX 01 моделі – REEV платформасында жасалған сериялық гибридті технологиясы бар, бір бак және толық зарядталған батареямен 1100 шақырымнан аса жол жүре алатын жаңа буын жол талғамайтын көлік.
Сапар кезінде көлік *Insta360* (360° бейнетүсірілім), Thule (экспедициялық багаж) және Pirelli (әртүрлі жолда сенімділік беретін шиналар) сынды әлемдік брендтердің жабдықтарымен толықтырылды. Модель сатылымға шыққалы 18 айда әлем бойынша 15 мыңнан астам данасы сатылды.
Ресми қолдау
Елімізде ROX брендіне DOSCAR GROUP эксклюзивті дистрибьютор болып есептеледі. Компанияның 12 қаладағы 24 дилерлік орталығы бар. Алматы мен Шымкенттегі ресми дилерлік орталықтар экспедицияға техникалық қызмет көрсетіп, тексеру және жабдықпен қамту жұмыстарын атқарды.
Еліміздегі ROX – халықаралық стандарттар деңгейінде кепілдік, сервис және толыққанды қолдау жүйесі бар бренд.
Жол жалғасады
ROX 01 – жай көлік емес, жайлылық, технология және табиғатқа құрмет үйлескен мобильді өмір салтының тұжырымдамасы. Silkroad Tour жобасы автокөліктің мәдени символға, халықтар арасындағы көпірге айнала алатынын көрсетті.
Экспедиция алдағы уақытта Өзбекстан, Түркіменстан, Кавказ және Африка елдерін қамтып, жаңа сапар белестерін бағындырмақ. Ал еліміздегі алғашқы кезең бұл бастаманың сәтті әрі әсерлі басталғанын дәлелдеді.