Ата заң • Бүгін, 17:49

Мерекелік акция аясында 2000 адамға тегін заңгерлік кеңес берілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай, еліміздің барлық өңірлерінде нотариаттық палаталармен және адвокаттар алқаларымен бірлесе отырып әділет органдарының ұйымдастыруымен «Әрбір азаматқа заңдық көмек!», «Тегін заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні» атты кең ауқымды республикалық акциялар өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мерекелік акция аясында 2000 адамға тегін заңгерлік кеңес берілді

Фото: el.kz

Аталған іс-шаралардың мақсаты – азаматтардың білікті заң көмегін алу жөніндегі конституциялық құқықтарын іске асыру және құқықтық көмектің қоғамның барлық топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету, 

Акциялар аясында 2000-ға жуық азамат заң кеңесін алу үшін жүгінді. Негізгі мәселелер мұра рәсімдеу, отбасылық және еңбек даулары, алаяқтық, алимент өндіру, нотариаттық әрекеттер және мүліктік құқықтарды қорғау тақырыптарына қатысты болды.

Құқықтық кеңес беру жұмыстарын әділет органдарының өкілдері, тәжірибелі адвокаттар мен заңгерлер, нотариустар және сот орындаушылары жүргізді.

Іс-шаралар барысында азаматтар өздерін толғандырған құқықтық сұрақтар бойынша білікті заң көмегін, жауаптар мен ұсыныстар алды.

Мұндай акциялар нақты мәселелерді шешуге ғана емес, жалпы қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға да ықпал етеді.