Президент • 07 Қазан, 2021

Президент Юрий Ильинге төтенше жағдайлардың алдын алуды тапсырды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ю.Ильин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрлігінің 2020-2021 жылдары атқарған жұмыстарының нәтижесі туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Юрий Ильинге төтенше жағдайлардың алдын алуды тапсырды

Осы уақыт аралығында елімізде 9 мыңнан астам табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді. ТЖМ бөлімшелері 65 мыңнан астам шақыртуға барды. 9,5 мың адам құтқарылды, 10 мың адам эвакуацияланды, 3 мыңнан астам адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Юрий Ильиннің айтуынша, министрлік табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне көп көңіл бөліп келеді. Министрлік елді мекендерді, нысандарды және жекелеген тұрғындарды сел мен су тасқынынан алдын ала қорғау мақсатында Алматы қаласы мен Алматы облысының Аюсай, Ақсай және Қорғас өзендеріндегі тоспалар мен бөгеттердің құрылыстарын қаржыландырады.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы министрлікке төтенше жағдайлардың санын азайту, қысқы мерзімге дайындық жұмыстарын жүргізу, қар құрсауын болдырмау, сондай-ақ көктемгі су тасқынының алдын алу жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше