Президент • 06 Қазан, 2021

Президент Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысын қабылдады

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурияны қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымының белсенді мүшесі ретінде ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлетінін айтып, Ұйым басшысының елімізге көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Президент пандемия кезінде елімізде ұлттық экономика мен халықаралық сауданы қолдау жөнінде кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталып, бұл жұмыстар қарқын ала түсетінін жеткізді.

1

Кунио Микурия Президентке қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, Қазақстанды Орталық Азиядағы көшбасшы ел деп атап өтті.

ДКҰ басшысы Түркістан қаласындағы кедендік инфрақұрылым нысандарын аралағанын айтып, жаңа әуежайдың кедендік ресімдеу процесін жоғары бағалады. Кунио Микурия облыс орталығының «Шығыс-Батыс» бағытындағы транзиттік әлеуетінің маңызды екеніне тоқталды. Бас хатшы Қазақстандағы кеден саласының айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті. Сонымен қатар Бас хатшы Қазақстанның электронды кедендік декларациялау рәсімі мен «бір терезе» қағидатын енгізу тәжірибесі Ұйымға мүше көптеген елдер үшін озық үлгі бола алатынын айтты.

Кездесу соңында кеден саласындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға келісті.

123

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше