Ел және Елбасы • 29 Қыркүйек, 2021

Елбасы Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің төрағасымен кездесу өткізді

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Милли Мәжіліс төрағасы Сагиба Гафарованың сапары Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы парламентаралық қарым-қатынастың дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Елбасы Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің төрағасымен кездесу өткізді

Түркістанда Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының оныншы мерейтойлық отырысы аяқталды. Жиынның табысты өткеніне сенімдімін. Түркістан қаласына 2018 жылы облыс орталығы мәртебесі берілді. Содан бергі уақытта қала құрылысында қандай жетістікке жеткенімізді өзіңіз де көрген боларсыз. Биыл қалада Түркі кеңесінің отырысын өткізу жоспарланған еді, бірақ пандемияға байланысты жиын онлайн өтті, деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

«Елбасы ұзақ жылдар бойы екіжақты қатынас орнату мен оны тереңдету жолында қызмет еткеніне тоқталды.  – Менің марқұм Гейдар Әлиұлымен және республиканың қазіргі басшысы Ильхам Гейдарұлымен жеке қарым-қатынасым әрдайым жоғары деңгейде. Біз үшін бұл достықтың орны бөлек», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Сагиба Гафарова Елбасыға қонақжай пейілі үшін алғыс білдіріп, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің ізгі лебізін жеткізді.

«Мен біздің халықтардың арасындағы қарым-қатынас дамып жатқанына қуаныштымын. Бізді жақындастыратын дүниелер көп, ол: түркі әлемі, дәстүріміз, мәдениетіміз. Бұған Түркістан қаласына барғанда көз жеткіздім. Қала баршамызды таңғалдырды», деді С.Гафарова.

Милли Мәжіліс төрағасы Қазақстанның елордасынан алған әсері туралы да айтты.

«Жаңадан қала салу үшін саяси ерік-жігер ғана емес, Сіз сияқты өз елінің патриотына тән үлкен жүрек те керек», деді С.Гафарова.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15