Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2021

Ресей азаматы Қазақстаннан 10 жылдан астам зейнетақы алып жүрген

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Ресей азаматы Қазақстанда 10 жылдан астам заңсыз зейнетақы алып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей азаматы Қазақстаннан 10 жылдан астам зейнетақы алып жүрген

Көші-қон қызметінің қызметкерлері 1999 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын алған, алайда 20 жылдан астам уақыт Қазақстанда тұрып, жұмыс істеген 73 жастағы ер адамды анықтады.

«Қазіргі уақытта заңсыз алынған ақша қаражатын қайтару мәселесі қарастырылуда, тәртіп бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 496-бабы («Азаматтық туралы заңды» бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері ШҚО аумағында тәртіп сақшылары қос азаматтығы бар 60-тан астам құқық бұзушыны анықтады. Көші-қон қызметі Конституцияға сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салып, заңнаманы сақтауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар

Джеруто жолдама алды

Спорт • Бүгін, 09:25

14 боксшымыз – жеңімпаз

Бокс • Бүгін, 09:20

Көнеге қамқорлық

Мәдениет • Бүгін, 09:15

Жаңа аудан жаңаша аталса

Аймақтар • Бүгін, 09:10