Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2021

АӨСШК Арнайы жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі – Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші Талғат Қалиевтың төрағалығымен бейнеконференция форматында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Арнайы жұмыс тобының (АЖТ) отырыстары өтті, деп жазады Egemen.kz.

АӨСШК Арнайы жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

ҚР СІМ

АЖТ отырыстарында АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі декларациясының, Сенім шараларының жаңартылған каталогының, АӨСШК Талдау орталықтарының форумы туралы ереженің, АӨСШК Рәсім туралы ережеге түзетулер енгізу жобалары және басқа да мәселелер талқыланды.

Қатысушылар АӨСШК Рәсім туралы ережеге түзетулерді енгізуге келісті. Ол АӨСШК Аға лауазымды тұлғалар комитетінің бекітуіне ұсынылады.