Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2021

Оралдық ата-аналар балаларын мектепке жіберуге наразы

168 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оралдық ата-аналар балаларын мектепке жібермей отыр. Олар санаториялық білім ошағына ауысуға наразы. Ата-аналардың айтуынша, онда туберкулезге шалдыққандармен байланыста болған балалар білім алыпты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралдық ата-аналар балаларын мектепке жіберуге наразы

Бұл туралы «Астана» телеарнасы мәлімдеді.

Ата-аналар балаларын бұрынғы мектепке қайтаруды талап етуде. Өйткені бұл ғимаратта бұған дейін туберкулезбен ауырған науқастардың балалары білім алған. Жауаптылар биыл оларды үйлеріне қайтарып, 20-шы мектептің мыңға жуық оқушысын қабылдады. Ата-аналар, білім басқармасының шешімін құптамайды. 

«Менің білуімше, Кох таяқшасы жер бетінде 40 жыл тіршілік етеді. Бұрын осында оқыған балалар жыл сайын ем қабылдады. Ғимараттың еденіне ағаш төселген, линолеумі де ескі. Ойын баласы жүгірмей тұрмайды. Сол кезде шаң көтеріліп, ауру қос өкпеден қыса ма деп қорқамыз», дейді қала тұрғыны Лариса Низовцева.  

Ата-аналардың балаларын мектепке жібермеуіне осындай күдік себеп болып отыр. Қазір олар  ғимаратқа зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, күрделі жөндеу жұмыстарын талап етіп, жауапты орындардың табалдырығын тоздырып жүр.

Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова ол мектепте туберкулезбен ауырған балалар болмағанын айтады. Және мектепте туберкулезбен ауырған балалар білім алып, инфекция еденде қалатын болса, облыстық санэпидемиологиялық, облыстық тубдиспансер мұнда мектепті көшіруге рұқсат бермес еді.

«Олар өздері жауапкершілікті алып, бізге рұқсатын беріп отыр. Білім беру бөлімінің дерегінше, баласын мектепке жібермей отырған ата-ана саны саусақпен санарлық қана. Олармен енді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп көрмекші. Оқу жылы басталып кетсе де, мәселенің қалай шешілері әзірге беймәлім», дейді ол.