Аймақтар • 14 Тамыз, 2021

Алматыда ағаш құлап, 8 көлікті басып қалды

590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының Медеу ауданындағы Гоголь-Абдуллин көшелерінің қиылысында үлкен терек құлап, сегіз көлікті басып қалды, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда ағаш құлап, 8 көлікті басып қалды

«13 тамыз күні кешкі сағат 18:35 -те «112» пультіне Абдуллин 27 «А» үйінің жанында ағаш құлағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына 109 құтқару қызметі жіберілді. Белгілі болғанындай үлкен ағаш сегіз көлікті басып қалған. Оқиға орнында 2 техника, «109» құтқару қызметінің 4 қызметкері, Төтенше жағдайлар департаментінің 5 маманы жұмыс істеді», деп хабарлады Төтенше жағдай департаментінен.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55

«Момақан қыз» – оқырман олжасы

Руханият • Бүгін, 08:45

Қаныштың Қытайға сапары

Тарих • Бүгін, 08:35

Қоғамдық көлік жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Көп жылғы ізденіс нәтижесі

Пікір • Бүгін, 07:55