Аймақтар • 30 Шілде, 2021

Оқушы жасаған қосымша

910 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы бар. Академияның 11-сынып оқушысы Аслан Тілесов IT-технологияға бет бұрған. Жақында өзі ойлап тапқан QazHydrant жаңа мобильдік қосымшасын таныстырды.

Оқушы жасаған қосымша

– Мен IT-технологияның ерекшеліктерін 8-сыныптан бері зерттеп келемін. Бұл жобаны өрт сөндіру қызметін оңтайландыру үшін дайындадым. Жаңа қосымшаны дайындауға «Білім-инновация» лицейіндегі замандастарым Әбдікерім Нодяров пен Әділжан Салпеков көмек берді. Қосымшаны дайындаудағы мақсатым – өрт сөндірушілердің қызметін жеделдетуге қол ұшын созу. Өйткені өрт сөн­діру кезінде төтенше жағдай қызметінің маман­дары гидранттарды таба алмай, әбігерге түседі. Әсіресе, түнгі мезгілде табу қиын, – дейді жаңа қосымшаның авторы Аслан Тілесов.

Оқушының айтуынша, енді Google кар­тасынан Атырау қаласындағы барлық гидрант­тың қай жерде орналасқанын навига­циялық жүйемен анықтауға мүмкіндік бар. Сол себептен, өрт сөндірушілер мобильдік қосым­шаға қызы­ғушылық танытып отыр.

– Бұл қосымшаның әлі де жетілдіретін тұсы бар. Дегенмен жақында жобаны толықтырып, іске қосу жолдары қарастырылады. Бұған қоса, АstanaHub ұйымдастырған Smart City Accelerator байқауына қатысып, бірінші ке­зеңі­нің іріктеуінен өттім, – дейді Аслан Тілесов.

Атырау облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше