Әлем • 24 Шілде, 2021

Хабаровск маңында жеңіл моторлы ұшақ құлады

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хабаровск өлкесіндегі Калинка ауылының маңында жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты, деп хабарлады Egemen.kz ТАСС сайтына сілтеме жасап.

Хабаровск маңында жеңіл моторлы ұшақ құлады

Облыстың ТЖМ ММ Калинка ауылының маңында ұшақтың құлағаны туралы хабарлаған болатын. Оқиға орнына жедел құтқару тобы аттанды.

«Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы біреуі дене жарақаттарын алды. Зардап шегуші №2 облыстық ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады БКДҚ.

Жеңіл моторлы ұшақ ұшу-қону жолағынан тыс Калинка аэродромынан ұшып бара жатқанда құлағаны белгілі болды.

Хабаровск өлкесінің Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз  қызметі хабарлағандай, 40 жастағы әйел зардап шекті. Оның екі аяғы сынған. Жағдайы ауыр.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025