Президент • 19 Шілде, 2021

Үкімет пен өңір басшылары міндеттерін мінсіз атқаруы тиіс – Қ. Тоқаев

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі жұмыс кеңесінде коронавирустың жаңа толқыны туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет пен өңір басшылары міндеттерін мінсіз атқаруы тиіс – Қ. Тоқаев

«Коронавирустың жаңа толқыны ең жойқын болып отыр. Соңғы күндері жүздеген азаматтарымыздан айырылып жатырмыз. Әр өңірде ауруханаға түскен науқастардың саны күрт көбейді. Жансақтау бөлімдерінің барлығы іске қосылды. Қосымша дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық сатып алынды», деді Президент бүгінгі жиында.

Президенттің айтуынша, әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек.

«Еліміздің әр азаматына айтарым денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар! Ал, Үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруға тиіс», деді Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар

Хакім һәм өзбек әдебиеті

Абай • Бүгін, 08:40

Кәсіпке бастар колледж

Білім • Бүгін, 08:35

Көкшенің көркі көз тартады

Талбесік • Бүгін, 08:30

Қол ұзартар құлтемір

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Армандар орындалады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10