Оқиға • 08 Шілде, 2021

Елжан Біртановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елжан Біртановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Біртанов пен Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жарамсыз ақпараттандыру Платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде.

Платформа Денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларды жедел шешу үшін пациенттер, дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар туралы барлық ақпаратты біріктіруі керек еді.

Бүгінгі таңда платформа жұмыс жасамайды және оны медициналық мекемелердің пайдаланбайтыны жиналған дәлелдермен расталған. Орындалмаған жұмыстардың құны 4,1 млн АҚШ долларын немесе 1,5 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ Елжан Біртанов санитариялық авиацияның әуе кемесін 2020 жылғы маусымда жеке мақсаттары үшін өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде. Ағымдағы жылдың 7 шілдесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы жарияланып, қылмыстық іс материалдарымен танысу басталды.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше