Қоғам • 15 Мамыр, 2021

Солтүстік Қазақстанда интернет алаяқ ұсталды

340 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері бірнеше ұрлық жасаған интернет-алаяқты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстанда интернет алаяқ ұсталды

Солтүстік қазақстандық полицейлер «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жұмыс істеп жатыр. Оның мақсаты – қазіргі кезде қылмыстың жылдам тарап келе жатқан түрі интернет-алаяқтыққа қарсы күресу.

Іс-шара шеңберіндегі күшейтілген жұмыс нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Мысалы, Алматы қаласына іссапарға жіберілген Петропавл қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері оңтүстік астананың 27 жастағы тұрғынын ұстаған. Ол облыс орталығының тұрғындарына қатысты кибералаяқтықтың үш эпизоды бойынша күдікке ілінді.

Жас жігіт интернетке гүл сату және оны жеткізу туралы хабарландыру орналастырған, 10-12 мың теңге алдын ала төлем жасауды талап етіп, алған соң байланысты үзген. Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-б. (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Тергеу әрекеттерін жүргізу үшін алматылық Петропавлға жеткізілді. Ұсталған жігіттің ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексеріліп жатыр.

«Онлайн-сауда жасау саласы – интернет алаяқтардың алғаш болып игерген істерінің бірі. Полиция қызметкерлерінің тұрақты жүргізген түсіндіру жұмысы арқасында солтүстікқазақстандықтардың көбі жаһандық желіде сауда жасау кезінде өздерін қалай ұстау керектігін білді. Дегенмен, алдын ала төлемді талап ету алдау кең тараған сценарийлерінің бірі болып қала береді. Алдау түрлері жеткілікті, ең бастысы, қандай жағдай болмасын ешкімге жеке деректер мен құпия мәліметтер: банк карталарының нөмірі мен cvv-кодын, sms арқылы келетін қол жеткізу кодының құпия сөздерін жібермеу қажеттігін естен шығармаған жөн», дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Пётр Климов.

Операция басталғаннан бері полицейлер кибералаяқтық жасаған жеті күдіктіні анықтады.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025