LRT атаулы көлік картасын елорданың білім беру ұйымдарының 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылары, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеңілдік санаттарына жататын, Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтары ала алады.
Картаның дайын болғаны туралы пайдаланушы өтінім беру кезінде көрсеткен телефон нөміріне SMS-хабарлама келеді.
Картаны дайындау құны − 1200 теңге.
Өтінім беру тек онлайн форматта https://transcard.kz ресми сайты арқылы жүзеге асырылады. Рәсімдеу үшін мәліметтерді толтырып, қажетті құжаттарды цифрлық форматта тіркеу және картаны алу үшін ыңғайлы пунктті (жақын аудандық әкімдік) таңдау қажет.
Қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында қаланың 6 аудандық әкімдігінде дайын карталарды беру орындары ұйымдастырылды. Дайын болған карталар сонда жіберіледі.
Картаны пайдаланушы өтінім беру кезінде таңдалған тиісті аудандық әкімдіктен алады.
LRT атаулы көлік картасы тек LRT-мен жүруге арналған және қалалық бағдарларға жарамсыз.
Бір реттік билеттер LRT іске қосылғаннан кейін беріледі
Басқа жолаушылар үшін жол жүруге арналған көлік карталары мен бір реттік билеттер LRT іске қосылғаннан кейін стансаларда қолжетімді болады.
«Сондай-ақ, кассаға жүгінбей турникеттерден өтуге мүмкіндік беретін баламалы төлем тәсілдері қарастырылған. Төлем тәсілдері туралы қосымша хабарланады», делінген City Transportation Systems хабарламасында.