Оқиға • Бүгін, 14:13

Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасына сәйкес, Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу мақсатында ауқымды тексеріс жүргізілді. Қаланың ең ірі көтерме базары саналатын «Барыс-4» нысанындағы мониторинг барысында бағаны негізсіз құбылтып келген 9 делдал анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды

Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Тексеріс шараларына Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және аудан әкімдіктері жұмылдырылды.

Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады

Бірлескен топ базардағы көтерме сауда тізбегін мұқият талдап, тауардың өндірушіден сөреге жеткенге дейінгі жолын зерттеді. Нәтижесінде бағаның өсуіне тікелей әсер еткен 9 тиімсіз делдал анықталды. Қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер департаменті бұл кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты хронометраждық тексерулер жүргізіп жатыр.

Тексеріс кезінде саудагерлер мен базар әкімшілігіне заңнама талаптары қатаң ескертілді. Әсіресе:

  • Әлеуметтік тауарларға қосылатын үстеме баға 15%-дан аспауы тиіс;
  • Баға белгілері (ценниктер) тұтынушыларға анық көрінетін жерде тұруы керек.

Анықталған делдалдар мен заң бұзған кәсіпкерлерге қатысты материалдар Өңірлік комиссияның отырысына жолданды. Билік өкілдері азық-түлік бағасын бақылауда ұстау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін мәлімдеді.

15%-дық межеден асқан: Азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерге айыппұл салынды

Соңғы жаңалықтар