Қоғам • 27 Сәуір, 2021

Алтай Көлгінов Эверестті бағындырған Мария Әуезовамен кездесті

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Эверестке шыққан Мария Әуезовамен және оның командасымен кездескенін айта келе, жақында альпинистің аяғына протез алу арманы орындалатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алтай Көлгінов Эверестті бағындырған Мария Әуезовамен кездесті

«Эверестті бағындырған елордамыздың тұрғыны Мария Әуезованың оқиғасын естіген шығарсыз. Мария – ерекше қажеттілігі бар қайсар тұлға. Ол 5364 м биіктікке көтерілді. Бұл мақсатқа жетуге оған жолдасы мен жаттықтырушысы көмектесті.

Нәзік Мария – рухы мықты әйел, ол бізге үлгі! Мариямен және оның командасымен, жұбайымен және жаттықтырушысымен кездестім. Ол шыңды бағындыру сәті, алдағы жоспарлары туралы айтты.

Марияның арманы – аяққа тұрып, сапалы аяқ протездерін алу. Біз оның арманын орындаймыз!» деп жазды елорда әкімі.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025