20 Сәуір, 2021

Мектеп оқушылары арасында вирус жұқтырғандар көбейді

633 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төртінші тоқсан басталғалы елімізде 3706 оқушы коронавирус жұқтырған. Мұндай деректерді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектеп оқушылары арасында вирус жұқтырғандар көбейді

«Төртінші тоқсан басталғалы 3706 оқушы ауырып, оның ішінде офлайн білім алушылар арасында -1093, онлайн режимде оқитын 2613 бала инфекция жұқтырды. КВИ жұқтырған дәстүрлі форматта оқитын оқушылардың басым бөлігі Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген. Онлайн режимде оқитындардың вирус жұқтыру көрсеткіші Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында басым болып тұр», деп нақтылады министр.

Бүгінде әлем бойынша КВИ-дің 141 миллионнан астам жағдайы тіркелген. 3 млн-нан астам адам қайтыс болып, өлім көрсеткіші 2,1%-ды құрады. Сырқаттану бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 221 елдің арасында 110-орында, ал өлім көрсеткіші бойынша 107-орында тұр.

Гаухар ҚАПАШ