Спорт • 05 Наурыз, 2021

Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы әлемдік рейтингте жоғарылады

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы Палестина мен Шри-Ланканы ұтқан соң ФИБА рейтингінде бес сатыға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы әлемдік рейтингте жоғарылады

Бүгінде Эмиль Райкович командасының қоржынында 124,3 ұпай бар. «Дала арландары» әлемде 74-ші, Азия құрлығында 12-ші орында тұр.  Халықаралық баскетбол федерациясы (ФИБА) Қазақстан командасын рейтингте біраз жоғарылағаны үшін ерекше атап өтті. 

Ал үздк бестік өзгеріссіз қалды. АҚШ командасы бірінші, Австралия екінші, Аргентина үшінші, Сербия төртінші, Франция бесінші сатыда. 

Азия бойынша үздіктер қатарына Иран, Жаңа Зеландия, Қытай мен Оңтүстік Корея кірген. 

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жол жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:47

Бірліктің жоғары көрсеткіші

Референдум • Бүгін, 08:50

Халықаралық байқаушылардың бағасы

Референдум • Бүгін, 08:30

Ақпаратты жедел таратты

Референдум • Бүгін, 08:20

Айман мен Шолпанның тілегі

Референдум • Бүгін, 08:10