Аймақтар • 27 Қаңтар, 2021

Семейде екі автобус жол апатына түсті

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бірінші жол-көлік оқиғасы кеше таңертең болған, деп хабарлайды Egemen.kz

«Daewoo автобусының 55 жастағы жүргізушісі жанама жолдан Түктібаев көшесіндегі басты жолға шығып бара жатып Toyota көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан кері серпілген автокөлік темір қоршауды бұзып өтті», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Ал түс кезіндегі екінші оқиғада қар тиеген КамАЗ автобуспен соғылған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды», деп хабарлады полиция.

Соңғы жаңалықтар

«Сары тентек» сарыны

Әдебиет • Кеше

Ұлытау ұлары

Тұлға • Кеше

Тағдыр тәпсірлері

Әдебиет • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Абай тапсырған асатаяқ

Жәдігер • Кеше